Мектептің тарихы » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Жаналық орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаналық орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
январь
2022

Мектептің тарихы

Жаңалық орта мектебінің тарихы

Қазіргі «Жаңалық» ауылының ірге тасы 1929 жылы «Қазақ СССР-не 10 жыл» деген колхоз болып құрылған. Бұл колхоздың бірінші председателі болып И.И. Дедов сайланды.

     Ауылда алғашқы мектеп 1928-1929 жылдары ұйымдастырылды. Оның өзі бастауыш білім негізінде құрылды. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі украин ұлт өкілдері болғандықтан, мектеп украин тілінде білім берді.

    1939 жылдан бастап орыс тілінде беріле бастады. 1947 жылдан бастап 7 жылдық мектеп болып құрылды. Оның құрамына Развильный, Голубиновка, Свердловка, Воронцовка, Донецк деген төрт ауылдың балалары біріктіріліп, жалпы саны 204 оқушыға білім бере бастады. Мектеп директоры: П.А: Воронецкий болды.

     1957 жылы мектеп орта мектеп болып ауысты, директоры: К.П.Кремневтің басқаруымен жұмыс жүргізе бастады.

     1962-1972 жылдар аралығында мектеп директоры: А.Н. Францен болды. Мектеп аты Развильный орта мектеп болып өзгертілді. Осы жылдары мектеп жанынан 60 оқушыға арналған интернат жұмыс істей бастады. Сонымен бірге мектеп қарамағында тәжірибе участоктары және 2га алма бағы болды. Бұл жерде жаз бойы оқушылардың көмегімен көкөністер өндіріліп,қысқа азық ретінде асханада пайдаланған. Тәжірибе участогында өздері өндірген өнімдері бойынша ауыл шаруашылық көрмелеріне қатысып жақсы көрсеткіштерден көрініп мектеп директоры: К.П.Кремнев және биология пәнінің мұғалімі: А.К. Францев Қазақ ССР-нің грамотасымен марапатталған.

     1972-1986 жылдардан Ұлы Отан соғысының ардагері: И.К.Керімбаев басқарған. 1991 жылы мектепте ең алғаш қазақ сыныбы ашылып, онда 25 оқушы қабылданған. 

      1986-1999 жылдар аралығында О.Р.Салитов басқарды. Осы аралықта 1993 жылы мектеп атауы «Жаңалық орта мектебі» болып өзгерілді. 

     1999-2015 жылдар аралығы Т.І. Керімбаев мектеп директоры болды. 2011 жылы мектеп жанына 25 орындық «Меруер» шағын орталығы ашылды. Мектеп атауы «Жаңалық орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы» болып өзгертілді.

       2015 жылы директорлыққа Рахимбеков Бахыт Даулеткельдыевич тағайындалып, осы уақытқа дейін қызмет атқарып келеді.